English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Роналду тағы бір рекордты жаңартуына сенімді екенін айтты
18:26 / 2019-11-18

Дәл қазіргі күнде карерасын аяқтамаған футболшылар қаратында Роналдуды қуып жетер жақын ойыншы Месси


Португаия құрамасының сұрмергені саналатын Криштиану Роналду ұлттық құрама сапында гол соғудан әлемдік рекордты жаңартуына сенімді екенін айтқан. 

Қазірде 34 жасты қарсылаған «Ювентус» клубының шабуылшысы осы уақытқа дейін ұлттық құрама сапында 164 кездесуде алаңға шығып, 99 гол салған. Ал ұлттық құрама сапында әлемдік рекорд бүгінгі күнде жарты ғасырлық өмір кешкен Иран құрамасының шабуылшысы Али Даеиге тиесілі болып, ол 149 ойында қарсылас команда қақпасына 109 гол соққан. 

Криштиану Роналду Еуро-2020 іріктеу кезеңінің кезектегі Люксембуркке қарсы өткен кездесуден соң «Барлық рекордтар қаншанда болмасын жаңарады. Алдағы рекордты мен жаңартатын боламын»,-деген. Осы орайда ирандық әлемдік рекордсмен Алидің соңғы сұхбатында айтқан сөзін келтірер болсақ, «Роналду керемет футбол шебері. Бұл рекордты жаңартуына сенімдімін, өйткені ол мықты ойыншы» -деген еді. 

alo_daei_na_kone_740x355.jpg
суретте Али Даеи

Дәл қазіргі күнде карерасын аяқтамаған футболшылар қаратында Роналдуды қуып жетер жақын ойыншы аргентиналық әлемдегі екінші инагалактикан футболшы Лео Месси. Ол құрама сапында 137 кездесуде 69 гол соқан екен.