Роналду тағы бір «Bugatti» автокөлігін 9,5 миллион еуроға сатып алды
Атаулы темір тұлпар «Bugatti» брендінің 110 жылдық мерейтойына арнап арнайы 10 данамен шыққан
Португалдық сұрмерген «Bugatti» брендінің 110 жылдық мерейтойына арнап арнайы жасалған 10 дана «Bugatti Centodieci» маркалы автокөлігінің құпиялы сатып алушыларының бірі болған.
Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше Bugatti өкілі бұл ақпаратты растағысы келмеген. Өйткен олар өз клиеттерін құпия сақтайды. Дегенмен ол Роналдуды «Бугатти отбасының мүшесі» деп атаған. Өйткені оның автопакрінде қазірге темір тұлпардың екі түрлі маркасы «Veyron» және «Chiron» көліктері бар.
110 жылдық мерейтойға арнайы 10 данамен жасалған атаулы гиперкар 1600 ат күшіне ие 8 литрлік W16 цилиндрлі қозғалтқыш қуатты болып, 100 км жылдамдыққа небәрі 2,4 секундта шығады. Темір тұлпардың максималды жылдамдығы 380 км/сағ.
