Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Роналду соңғы минутта гол соғып «Ювентусты» финалға жақындата түсті
11:03 / 2020-02-14

Италия кубогындағы «эль-классиколы» өзіне тән ерекше кездесу «Милан» және «Ювентус» клубтары арасында өтті


Италия кубогындағы «эль-классиколы» өзіне тән ерекше кездесу «Милан» және «Ювентус» клубтары арасында өтті.

Тартысты өткен кездесудің алғашқы бөлімі голсыз аяқталып, екінші таймның орталарына келіп Анте Ребич Буффон қақпасына гол соғып есепті ашты. Судияның ысқырығы соғылған кезден бастап ойын тізгінін өз қолына алған «Ювентус» ойыншылары қаншалықты «Милан» қақпасына гол соғуға тырыссада оның бәрі сәттсіз аяқталып, соңғы қосымша минуттың соңғы сәттерінде Роналду өзінің әдемі «қайшы» әдісімен тепкен добы «Милан» қорғаушысының қолына тиіп төреші пеналти белгіледі. Роналду 11 мертлік соққыны ойдағыдай теуіп кездесудің 1:1 есебінде аяқталуына сеп болды.

Қарымта кездесу 4 наурызда Туринде өтеді. Бұл кездесуде «Миланның» негізгі шабуылшысы Златан Ибрагимович өз командаластарына көмектесе алмайды. Өйткені футболшының сары корточкалары көбейіп кеткен.