English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Роналду ресми ойындарда соққан голдары бойынша Пелені артта қалдырды
12:36 / 2021-01-04

Туриндік «Ювентус» клубының шабуылшысы португалдық сұрмерген Криштиану Роналду ресми кездесулерде соққан гол саны бойынша футбол корольі Пелені артта қалдырды.

«Goal» басылымының мәліметінше Рони жасыл алаңдағы мансабында 1032 ресми ойын өткізіп 758 гол соққан. Ол соңғы екі голын «Ювентус» сапындағы «Удинезеге» қарсы өткен кездесуде соқты. Осылайша ол футбол корольі бразилиялық шабуылшы Пелені артта қалдырды. Пеле футбол тарихында 812 ресми матчта алаңға шығып 757 гол соққан.

Бұл көрсеткіш бойынша үздік рекорд чехиялық шабуылшысы Йозеф Бицанға тиесілі болып, ол 1931-1955 жылдар аралығында өткізген жасыл алаңдағы ресми ойындарда қарсылас команда қақпасына - 759 рет гол соққан.

Еске салар болсақ, 35 жасты аладоп шебері жақында Globe Soccer Awards нұсқасы бойынша ХХІ ғасырдың үздік футболшысы атанған болатын.