Криштиану Роналду Портуагалия ұлттық құрамасындағы ойындарының санын 168-ге жеткізіп 100-ші жеңісіне қол жеткізді.
35 жастағы жасыл алаңнын жұлдызы Андораға қарсы өткен достастық кездесуде (7:0) гол соғып өзінің ұлттық құрама сапындағы голдар санын 102-ге жеткізді және рекордын жаңартты. Бүгінгі дейін Рони ойнаған Португалия құрамасы, кездесуерде 42 рет жеңіліп, 26 мәрте тең түскен.
Роналду бұл көрсеткішті орындаған Еуропа құрлығындағы төртінші ойыншы болды. Бұған дейін Серхио Рамос (129), Икер Касильяс (121) және Хави (100) құрама команда сапындағы кездесулерде жеңіске жеткен футболшылар қатарында.
Криштиану Роналду Еуропа құрлығындағы алғашқы жүзден астам гол соққан футболшы. Әлемдік рейтинг бойынша үздік көрсеткіш Иранның экс-шабуылшысы Али Даийге тиесілі. Али парсылар сапындағы өткізген кездесулерде қарсы команда қақпасына 109 гол соққан. Ал Роналду бұл шыңды бағындыру үшін тағыда 7 гол соғу керек.