Роналду: Менің ақшаға мұқтаждығым жоқ, тек...
Месси жақсы футболшы. Ол тек қана бір командада ғана доп тепті. Және сол командада жеңді барлық сыйлықтарын. Ал мен тек бір клубта ойнаған жоқпын және ойнаған клубтарымың негізгілерінде үлкен жеңістер мен үлкен сыйлықтарымды алдым.
Португаиялық «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду DAZN порталына берген сұхбатында өзінің күнделікті өмірі жайында баяндаған.
Онда футболшы, « мен ең алдымен командаммен жеңіске жетуге тырысқанмын, себебі индивидуалды сыйлықтар да осы сыйлықтар артынан келеді»,-дейді.
Күн сайынғы мендегі режим, әр таң атқан сайын ақша табу үшін емес бәлкім басқа бір жетістіктерге жету мақсатында жаттығулар өткізу үшін оянамын. Жаратқанның сыйымен қазір артық ақшаға мұқтаждығым жоқ. Мен тек өз есімімді футбол тарихына өшпестей етіп таңбалап қойсам деген ой мен көптеген жеңістерге жетуді қалаймын,-дейді Роналду.
Сондай-ақ Роналду өзінің Мессиден қандай айырмашылықтары бар екендігін былай түсінтірді. «Месси жақсы футболшы. Ол тек қана бір командада ғана доп тепті. Және сол командада жеңді барлық сыйлықтарын. Ал мен тек бір клубта ойнаған жоқпын және ойнаған клубтарымың негізгілерінде үлкен жеңістер мен үлкен сыйлықтарымды алдым. Қатарынан 6 рет Чемпиондар Лигасы ойындарында үздік атандым».

34 жасар португалдық шабуылшы 2018 жыл «Реал Мадрид» сапынан 117 миллион еуроға «Ювентус» құрамына өтті. Клубпен арадағы келісім 2022 жылға дейін түзілген.
Клубтық карерасындағы жеңістері:
"Порту"
Португалия Супер кубогы 2002 жыл

"Манчестер Юнайтед"
Ағылшын премьер лигасы 2006/07, 2007/08, 2008/09
Англия кубогы 2003/04
Клубтар арасында әлем біріншілігі 2007(Манчстер Ю), 2014, 2016, 2017 (Реал Мадрит)
Чемпиондар Лигасы УЕФА 2007/08 (Манчстер Ю), 2013/14, 2015/16, 2016/17, 2017/18 (Реал Мадрит)

"Реал Мадрит"
Испания Лалигасы 2011/12, 2016/17
Испания кубогы 2010/11, 2013/14
Супер кубок УЕФА 2014, 2017

"Ювентус"
Италия А сериясы 2018/19
Суперкубок Италия 2018
