Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Роналду лақтырған капитандық таңғыш аукционда сатылуда
09:28 / 2021-03-31

Португалия құрамасының сардары Криштиану Роналду лақтырған капитан таңғышты алған Белград стадионының қызметкері оны аукционда сатып, ақшасын қайырымдылыққа жібермек.

Қатарда өтеті 2022 жылғы Әлем Чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Криштиану Роналду Сербия қақпасына соққан голы есепке алынбағанына ашуланып, ойынды жалғастырмай төрешінің шешімімен келіспейтінін айтып капитандық таңғышын лақтыра алаңнан шығып кетті. Кездесу (2:2) тең нәтижемен аяқталды. Алайда қақпа қасындағы камералардан көрсетілген таспада Роналду тепкен доп қақпа сызығын кесіп өткені айқын көрінген.

Матч аяқталғаннан кейін төреші бұл қателігі үшін кешірім сұраған.

Роналду алаң шетіне лақтырған капитандық таңғышты Белград стадионы қызметкері алып, оны аукционда сатуға және түскен қаражатты қайырымдылыққа жұмсауға шешім қабылдағанын айтқан.

Қазіргі кезде аукционда оның бағасы 3 мың еуродан асыққа бағалануда.