Роналду командаластарынан кешірім сұрайма?
Капелло: Роналду өте ұятты қылық көрсетті. Чемпион қашанда чемпиондай қалу керек қой...
Осы күндері португалдық шабуылшы Криштиано Роналдудың футболдағы этиканы сақтамай өз командаластары мен бапкерге құрметсіздік танытқаны жайындағы сөздер жексенбі күнгі «Ювентус» пен «Милан» арасындағы өткен ойыннан беріге жалғасып келеді.
Бұл қауесеттің шығу себебі, дәл сол күнгі өткен ойында Маурицио Сарри Роналдуды ойын аяқталмай жатып 55 минутта ауыстырып орнына Дибаланы түсіреді (Дибала ойындағы жалғыз жеңіс голын соқты). Бұл жағдай ойында гол соғалмай сарсаңға түскен Роналдуға тіпті ұнамаған. Өйткені осы ойыннан алдыңғы Чемпиондар лигасындағы «Локомотив» пен өткен кездесуде де дәл осылай ойын аяқталмай Роналду басқа ойыншымен ауыстырылған еді. Қатарынан екінші рет қайталанған табиғатында болмаған Роннидің шымпайына тигені рас шығар шабуылшы алаңнан шығып бара жатып, бапкердің қолында алмай тура киіну бөлмесіне тартқан.
Ашуға ерік берген Роналду кездесу аяқталмай жатып стадионнан кетіп үлгерген. Бұдан хабар тапқан командаластары одан реніншетін жасырмаған. Ойыннан соңғы баспасөз маслихатында бас бапкер «ол алаңда қолынан келер барлғын жасады, бірақ өзін жайсыз сезінгенін сездімде сосын ауыстырдым» -деп айтқан. Бұл жағдайға клуб басшылары шабуылшыға жаза тағайындамайтын болды.
Италиялық бапкер Фабио Капелло осы жағдайға байланысты «Роналду өте ұятты қылық көрсетті. Чемпион қашанда чемпиондай қалу керек қой, ал ол командаластарын құрметтеуі керек еді» деп пікір білдірген. Роналду қазірге бұл жағдайға ешқандай да бір мәлімдеме жасамады.