Роналду Хабиб Нурмагомедовқа сәттілік тіледі
UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен уақытша чемпиондық титул иесі американдық Джастин Гэтжи арасындағы төбелес 24 қазан күні Абу-Дабидегі шайқастар аралында өтеді
Криштиану Роналду келесі аптада өтетін UFC турнирінің үздік жекпе-жек кешіндегі шайқаста Хабиб Нурмагомедовқа қолдау білдіріп, сәттілік тіледі.
35 жасты супержұлдыз 24 қазан күні Абу-Дабидегі шайқастар аралында өтетін жекпе-жекте ресейлік UFC шебері Хабиб Нурмагомедовты қолдап: «Әрине Хабиб жеңеді. Ол менің бауырым, Иншалла», деп жазба қалдырған.
Жеңіл салмақ дәрежсінде UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен уақытша чемпиондық титул иесі американдық Джастин Гэтжи арасындағы төбелес 24 қазан күні Абу-Дабидегі шайқастар аралында өтеді.