Роналду Google тарихында ең көп іздеген спортшы атанды
«Ал-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Google тарихындағы ең көп іздеген спортшы атанды.
Роналду компанияның 25 жылдық тарихында Google-да ең көп іздеген спортшы атанғаны туралы жаңалыққа өз ойын білдіріп: «Google тарихындағы ең көп сұранысқа ие спортшы болу құрметіне ризамын», - деп жазды.
Еске салар болсақ: Роналду «Ал-Наср» сапында 2023 жылдың қаңтарынан бері ойнап келеді. Оның Сауд Арабиясы клубымен келісімшарты 2025 жылға дейін. Биыл 38 жастағы шабуылшы клуб және Португалия ұлттық құрамасы сапында барлық жарыстарда 50 гол соқты.