Португалиялық сұрмерген Криштиану Роналду британдық журналист Пирс Морганға резонансты сұхбат берді.
Рони «Манчестер Юнайтед» клубы соңғы 13 жылда қалай өзгерді деген сұраққа былай жауап берген: Өсу нөлге тең. Сэр Алекс кеткеннен кейін клубта ешқандай өзгеріс көрмедім. Жақсы жаққа ештеңе өзгерген жоқ.
37 жастағы футболшы сұхбат барысында клубты өзіне опасыздық жасады деп айыптап, сатқындықты сезінгені жайлы айтқан.
«Мен «Манчестер Юнайтед» маған опасыздық жасағанын сеземін. «Манчестер Юнайтед» мені клубтан кетуге мәжбүр етті. Мұны тек бас бапкер ғана емес, клубтағы басқа адамдар да қалаған. Мен опасыздық пен сатқындықты сезіндім. Бұл сұхбатты не үшін беріп отырмын? Адамдар бар шындықты білуі керек. Командадағы кейбір адамдар мені биыл ғана емес, өткен маусымда да «Манчестер Юнайтедте» көргісі келмеді», - дейді Криштиану сұхбатында.
Ол сондай-ақ, қазіргі бапкер Эрик тен Хагты сыйламайтынын, өткені тен Хаг Роналдуға құрметсіздік жасағанын айтқан.
Айта кетейік, қазан айында «Тоттенхэм» клубына қарсы ойында (2:0) қосалқы құрамға түсуден бас тартып, стадионнан ерте кеткені үшін Роналдуды бас бапкер Эрик тен Хаг жаттығудан уақытша шеттеткен болатын.