Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Роналду «Барселонаға» қарсы ойында алаңға шықпайды, оның қайта тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен
00:24 / 2020-10-23

Криштиану Роналду Чемпиондар лигасы аясында «Ювентус» пен «Барселон» арасындағы кездесуде алаңға шықпайды


Криштиану Роналду Чемпиондар лигасы аясында «Ювентус» пен «Барселон» арасындағы кездесуде алаңға шықпайды. Көптен күткен Мессиге қарсы кездесу ойыны көрермен үшін тағыда біраз уақытқа ұзарды.

Marca басылымының хабарлауынша, португалиялық форвардтың коронавирусқа қайта тапсырған тест нәтижесі оның вирустан айықпағаны көрсеткен. УЕФА-ның мәлімдемесіне сәйкес, Роналду «Барселонамен» ойнау үшін матчтан бір апта бұрын тест тапсыруы керек болатын.

Еске салар болсақ, Криштиану Роналдудың коронавирусты жұқтырғаны 13 қазанда белгілі болған еді. Кейін Рони оқшауланып карантинді Италияда өткізу үшін Туринге оралды: Италияда ережелер бойынша Криштиану 14 күн емес, 10 күн оқшаулануы керек. Ал «Барселонға» қарсы кездесу 28 қазанда өтеді.