Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Роналду 8 миллион еуроға «Bugatti Centodieci» көлігін сатып алды
12:52 / 2020-08-01

Криштиану Роналду бұл темір тұлпарды Италия «А Сериясындағы» жеңісі құрметіне сатып алған


Туриннің «Ювентус» клубы шабуылшысы португалиялық Криштиану Роналду өзінің автопаркін сүйікті тағы бір «Bugatti» темір тұлпармен толықтырды.

«Tuttosport» спорттық баслымның дерегінше Роналду «Bugatti Centodieci» автокөлігіне 8 миллион еуро жұмсаған.

Француздық компания «Bugatti» брендінің 110 жылдық мерейтойына арнап арнайы жасаған 10 дана «Bugatti Centodieci» маркалы гиперкардың біреуін Криштиану Роналду Италия «А Сериясындағы» жеңісі құрметіне сатып алған. Бірақ ол көлікті тек 2021 жылы алады.

2020 жылдың басында интернет беттерінде Роналдудың осы көлікті құпия сатып алушыларының бірі болғандығы жөнінде хабар тараған еді. Алайда Bugatti өкілі бұл ақпаратты растағысы келмеген. Дегенмен ол Ронниді «Бугатти отбасының мүшесі» деп атаған. Өйткені оның автопакрінде қазір Bugatti-дің екі түрлі маркасы «Veyron» және «Chiron» көліктері бар.

Мерейтойға арнайы жасалған атаулы темір тұлпар 1600 ат күшіне ие 8 литрлік W16 цилиндрлі қозғалтқыш қуаттына ие болып, ол 100 км жылдамдыққа небәрі 2,4 секундта шығады. Оның максималды жылдамдығы 380 км/сағ тең.