Роналдиньо Парагвайдағы түрмеден бостандыққа шықты
Роналдиньо жалған төлқұжатпен Парагвай мемлекетіне кіргені себеп қамауға алынған еді
Әлем футболында өзінің үздік финтті әрекетімен футболшыларды алдап өтуі қасиетнің арқсында футбол жұлдызына айналған Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Роналдиньо Парагвайдағы түрмеден бостандыққа шықты.
"Football Espana" сайтындағы дереккөзге сай Роналдиньо Парагвай түрмесінде 32 күн отырған соң 1,6 миллион еуро көлемінде айыппұл кепілдігімен түрмедегі жазаны шартты үй қамауына ауыстыруға келіскен. Осылайша бразилиялық аладоп шебері 1 ай Асунсьон қаласындағы қонақ үйде қамауда отыратын болған.
Еске сала кетсек, 5 наурызда Роналдиньо жалған төлқұжатпен Парагвай мемлекетіне кіргені себеп қамауға алынып, сот оған сол кезде 6 ай мерзімге қамауға үкім шығарған еді.