Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Роналдиньо Парагвайда азаттыққа шықты
16:56 / 2020-08-25

Соңғы 5 ай көлеміндегі шартты жазаны Роналдиньо елдегі ең жақсы «Памарогада» қонақ үйінд бір түнге 380 доллар көлемінде ақы төлеп өткізді


Бразилия құрамасының бұрынғы футболшысы Роналдиньо Парагвайда үй қамауынан азаттыққа шықты.

Парагвай соты бес айлық үй қамауынан соң «Алтын доп» иегерін бостандыққа шығаруға шешім қабылдаған. Бұл үшін бразилиялық супер жұлдыз тағыда 200 мың доллар айыппұл төлеген. Жақын күндері ол Бразилияға қайтады.

Роналдиньо 7 наурызда ағасымен бірге Парагвай шекарасынан жалған төлқұжат пен өткендігі үшін қолға түскен еді. Қамаудағы 32 күннен кейін сот 1,6 миллион еуро көлемінде айыппұл кепілдігімен түрмедегі жазаны шартты үй қамауына ауыстыруға келісім берген.

Соңғы 5 ай көлеміндегі шартты жазаны Роналдиньо елдегі ең жақсы «Памарогада» қонақ үйінд бір түнге 380 доллар көлемінде ақы төлеп өткізді.