«Рома» клубының жаттығулар базасынан соғыс кезіне қатысты 20 снаряд табылды
Италияның «Рома» футбол клубының Тригориядағы оқу-жаттығу базасынан Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты 20 снаряды табылды.
Команданың Twitter-дегі парақшасында жарияланған ақпаратқа сай, снарядтар «Рома» клубының жаңа оқу-жаттығу алаңын құруды жоспралаған аймақтан табылған болып, оған саперлер шақырылған. Аймақты мұқият тексергеннен кейін мамандар сол жерден 20 жарылғыш затты тауып, барлық бомбалар залалсыздандырылған.
«Біздің Тригориядағы оқу-жаттығу базасынан Екінші дүниежүзілік соғыс снарядтарын алып тастаған Италия армиясы мен сапер жасағына үлкен рахмет», - делінген хабарламада.