Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Рома» клубы Конференция лигасында чемпион атанды
11:52 / 2022-05-26

Алғаш рет ұйымдастырылған Еуропа Конференция лигасында Италияның «Рома» клубы жеңімпаз болды.

Албания астанасы Тирана қаласында өткен матчта «Рома» роттердамдық «Фейноорд» клубын 1:0 есебінде ұтты. Жеңіс голын Рим клубының жартылай қорғаушысы Никколо Дзаньоло ойынның 32 минутында соқты. Кездесудің 89 минутында Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Элдор Шомуродов алаңға шықты.

Осылайша «Рома» клубы УЕФА-ның алғаш рет ұйымдастырыған Конференция лигасында чемпион атанды.

Рим клубының бас бапкері Жозе Моуриньо ерекше рекорд орнатып, тарихи нәтижеге қол жеткізді. Португалдық маман Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және Конференция лигасын жеңіп алған алғашқы бапкер атанды.