Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Rolls-Royce әлемдегі ең қымбат автокөлікті таныстырды
22:21 / 2021-05-28

Сәнді автокөліктер шығаруға ыңғайланған британдық Rolls-Royce комапниясы әлемдегі ең қымбат темір тұлпарды таныстырды. Оның бағасы 28,4 млн доллар.

Rolls-Royce әрдайым тапсырыс бойынша сәнді автокөліктер шығарумен айналысқан болып, бұл жолыда дәл осы бағытта Boat Tail моделін шығарған. Компания бұл машинаны «индустрияланған сән-салтанаттың жарқын келбеті» деп атап, оны компанияның ең адал клиенттеріне арнап жасады. Өтініштер бойынша үш тапсырыс келген. Бірақ әзірше бір ғана нұсқа дайын болған. 

Британдық брендтің дизайны мен өндірісіне 4 жыл уақытты кеткен. Осыған орай жаңа моделдің ерекшеліктерін айтар болсақ, капотының артқы жағында коктейльдер үшін айналмалы үстел, сусындар сақтауға арналған арнайы тоңазытқыш, орындықтар, қымбат ыдыстармен жабдықталған. Ең бір қызықты тұсы – көлікте автоматтандырылған қолшатыр бар. 

Қысқаша дерек бойынша, ерекше жиынтық пен өте ыңғайлы автокөлікке саяхаттау мен ашық аспан астында тамақтануды ұнататын ауқатты жұп тапсырыс берген. 

Эксклюзивті автокөліктің құны 28,4 миллион долларды құрайды. Компания бұл ақшаға 71 мың доллар тұратын флагмандық лимузин Rolls-Royce Phantom-дан 40 данасын сатып алу мүмкін деп мәлімдеді.