Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Roland Garros турнирінің аралас жұптық ойындары жеңімпазы анықталды
15:27 / 2021-06-12

Франция ашық біріншілігінің аралас жұптық кездесулері бойынша американдық Дезайр Кравчик пен британдық Джо Солсбери чемпион атанды.

Дезайр Кравчик пен Джо Солсбери ақтық кездесуде ресейлік Елена Веснина мен Аслан Карацев тандеміне қарсы кортқа шығып, 1 сағат 16 минутқа созылған кездесуде 6/2, 4/6, 10:5 есебімен жеңіп, турнир чемпионы атанды.

Осылайша Кравич пен Солсбери турнирдегі жеңіс үшін 122 000 еуро ақшалай сыйлыққа ие болды. Ал, ресейлік теннисшілер Веснина мен Карацев 61 000 еуро алған.