Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Roland Garros» турнирі өтпеуі мүмкін
11:53 / 2021-04-05

Франция үкіметі коронавирустық пандемияға байланысты «Үлкен Дулыға» санатындағы Франция ашық чемпионатын мерзімінен кешіктіруді немесе мүлдем өткізбеу нұсқаларын қарастыруда.

Франция спорт министрі Роксана Марасинянюдың айтуынша, «Roland Garros» турнирін кейінге шегеру немесе оны мүлдем өткізбеу мәселесі үкімет деңгейінде талқылануда.

«Біз Франция теннис федерациясымен барлық спорттық және ірі іс-шаралардың қайта басталуы үшін күндерді өзгерту керек пе, жоқ па екенін анықтау үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Елде науқастану деңгейі әлі де жоғары боп тұр. Бұл жағдайда біз адамдардың өміріне қауіп төндіре алмаймыз», - деген министр.

«Roland Garros» турнирін өткізу 2021 жылдың 24 мамыры мен 6 маусым аралығына жоспарланған. Францияда 3 мамырға дейін барлық азаматтар үшін үйден 10 км қашықтықта жүруге шектеу қойылды, мектептер де жабық. Жаңа локдаун ережелері бір күн бұрын, 3 сәуірде енгізілген.