«Roland Garros» финалисттердің есімдері белгілі болды
Парижде өтіп жатқан «Үлкен дулыға» сериясындағы «Roland Garros» турнирінің әйелдер арасындағы жарыстың финалистері белгілі болды
Парижде өтіп жатқан «Үлкен дулыға» сериясындағы «Roland Garros» турнирінің әйелдер арасындағы жарыстың финалистері белгілі болды.
Бірінші жартылай финалдық кездесуде польшалық 19 жастағы әлемнің 54-шы ракеткашысы Ига Швёнтек аргентиналық Надя Подорошканы екі сетте 6/2, 6/1 есебімен ұтып, «Roland Garros» турнирінде алғаш рет финалға жол алды.
Ал екінші жартылай финалдық кездесуде америкалық София Кенин екі сеттік ойын нәтижесі бойынша чехиялық Петра Квитованы 6/4, 7/5 есеппен жеңіп ақтық мәреге шықты.
София Кенин мен Ига Швёнтек арасындағы финал кездесуі 10 қазан күні өтеді.