Роджер Федерердің құрметіне Базельде трамвай қатнауы іске қосылды
Теннис әлемінде аңызға айналған швейцариялық спортшы Роджер Федерердің құрметіне Базель қаласында трамвай қатнауы іске қосылды.
Базельдегі қоғамдық көлік операторы Basler Verkehrs-Betriebe (BVB) паркі құрамына «FedererExpress» атты нөмірі 2-ші трамвай қатнауы іске қосылды.

Салтанатты шараға қатысқан теннисші инстаграм парақшасында: «Керемет құрмет үшін үлкен рахмет. Кеше ғана мен бала күнімдегідей 8 нөмірі трамвайда жаттығуға баражатқандай әсерде болдым», - деп жазды.
«FedererExpress» трамвай салонында жолаушылар теннисші туралы қызықты фактілерді біле алады. Ал егер жолаушылар өзін кәсіби теннисші ретінде сезінгісі келсе, теннис кортындағы сынды орындарға отыру мүміндігі бар, делінген BVB хабарында.