Роджер Федерер Токио Олимпиадасына қатыспайтын болды
Швейцариялық теннисші Роджер Федерер Токио Олимпиадасына қатыспайтынын мәлімдеді.
«Өкінішке орай, шымды маусымы кезінде тіземді жарақаттап алдым, енді Токио Олимпиадасына баралмаймын. Бұл өте жағымсыз жағдай. Швейцария намысын қорғау менің мансабымдағы жоғары абырой болар еді. Жазда турнирге оралу үшін өзімді қалпқа келтіре бастадым. Швейцария құрамасына алыстан болса да сәттілік тілеймін.», - деп жазды Федерер Instagram парақшасында.
39 жастағы әлемнің тоғызыншы ракеткасы Федерер бұған дейін төрт Олимпиада ойындарында өнер көрсетті. 2008 жылы командалық жұпта Олимпиада чемпионы атанып, 2012 жылы жекелей сында күміс медаль жеңіп алды.