Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Роджер Федерер теннистегі мансабын аяқтады
16:11 / 2022-09-24

Швейцариялық атақты теннисші Роджер Федерер теннистегі мансабын аяқтады.

Лондон өткен Лэйвер кубогы көрмелік турнирінде 41 жасты теннисші үлкен спорттағы соңғы кездесуін өткізді. 

Еуропа құрамасының атынан қатысқан жұптық сында Роджер Федерерге испаниялық Рафаэль Надаль серіктес болды. Олар америкалық Френсис Тиафо мен Джек Сокка тандеміне қарсы кездесуде, 6:4, 6:7 (2:7), 9:11 есебімен жеңілді.

Кездесуден кейін кордқа жиналған көрермендер швейцариялық теннисші үшін бірнеше минут қол соғып құрмет көрсетті.

Федерер кәсіпқой теннистегі «Үлкен дулыға» жүлдесін алғаш рет 2003 жылы Уимблдонда жеңген болатын. Ол кәсіпқой мансабының соңғы матчын дәл осы жерде өзткізумен аяқтады.

Еске салар болсақ, Роджер Федерер кәсіпқой теннистегі мансабында 20 «Үлкен дулыға» чемпионы атағын жеңіп алған. Сондай-ақ 2008 жылғы Олимпиадада алтын медаль, 2012 жылғы ойындарда күміс медальға қол жеткізген.