French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Роберт Левандовски «Реалға» ауысуы мүмкін
11:25 / 2021-05-01

«Бавария» клубы мен Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски келесі маусымды Испания чемпионатында жалғастыруы мүмкін.

Sky Germany басылымының дерегінше, «Корольдік» клуб поляк футболшысының ойнына қызығушылық танытып отыр. Мюнхен клубы коронавирустық пандемияға байланысты туындаған қаржылық қиындықтарды жою мақсатында шабуылдаушыны жазда 60 млн еуроға босатуы мүмкін екендігі айтылған. 

32 жасты аладоп шеберінің агенті Пини Захавидің айтуынша, Левандовскидің өзі де Мадридтік клубты жақын көруде, бірақ басқа клубтардың да ұсыныстарын қарауды жалғастыратыны белгілі. 

Левандовски бірнеше рет «Реалға» өтуге жақын болды. Бірақ ол «Баварияға» өтті. «Корольдік» клуб президенті Флорентино Перес Левандовскийдің 2012/13 жылы «Боруссияға» (4-1) қарсы ойынына тәнті болған. Бұл ойында поляк майталманы покер жасаған еді. Осы сәттен бастап Перес, Левандовски талантының үлкен жанкүйері болып келеді.

Бұған дейін поляк ойыншысына бірқатар топ-клубтар қызығушылық танытып отырғаны хабарланған болатын.

Левандовски «Баварияда» 2014 жылдан бері ойнап келеді және оның қазіргі келісімшарты 2023 жылы аяқталады. Осы маусымда Роберт Германия Бундеслигасының 26 ​​матчында алаңға шығып, 36 гол соқты және 6 нәтижелі пас берді.