Роберт Левандовски «Алтын допты» алуы мүмкін
Польшалық шабуылшы Роберт Левандовски 2020 жылғы «Алтын допты» алуы мүмкін.
Diario Sport хабарлауынша, France Football Левандовскиге 2020 жылғы «Алтын допты» беруді қарастырып жатыр. Француз журналының басшылығы осы арқылы өз беделін төмендеуінің алдын алуды көздеген.
Левандовски 2022 жылдан бастап «Барселона» сапында ойнайды. Шабуылшы осы маусымда Ла Лигада 32 ойын өткізіп, 17 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді.
«Алтын доп» сыйлығы 1956 жылдан бері маусымның үздік ойыншысына беріліп келеді. Тек 2020 жылы сыйлық ешкімге берілмеді.