Роберт Кеннеди АҚШ-тың денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды
АҚШ Сенаты денсаулық сақтау министрі қызметіне ұсынылған Кіші Роберт Кеннедидің кандидатурасын мақұлдады.
CBS News телеарнасының хабарлауынша, Кеннедиді қолдап 52 сенатор, ал оған қарсы 48 сенатор дауыс берді.
Роберт Кеннедидің министр болуы COVID-19 пандемиясына қатысты қабылданған барлық шешімдерді, сондай-ақ сынақтан өтпеген вакциналар мен міндетті вакцинация саясатын қайта қарау қажеттігін білдіреді.
«Американы қайтадан сауықтырамыз» – Кеннедидің басты ұраны. Оның алғашқы бастамаларының бірі денсаулыққа зиянды дайын тағамдар, соның ішінде чипстерге қарсы күрес болуы мүмкін.