Роббен және Рибери «Бавария» жанкүйерлерімен қоштасты
«Бавария» футбол клубының жартылай қорғаушылары Арьен Роббен және Франк Рибери жексенбі күнгі мерекелік парадта клуб жанкүйерлерімен қоштасты.
«Бавария» футбол клубының жартылай қорғаушылары Арьен Роббен және Франк Рибери жексенбі күнгі мерекелік парадта клуб жанкүйерлерімен қоштасты.

Мюнхен орталығының Мариенплац алаңына жиылған мыңдаған фанаттар алдында алдымен Роббен, сосын Рибери сөйледі. Нидерландтық футболшы еш сезімге берілмей өз ойын ашық айтты, ал француздық Рибери болса көзіне жас алып жанкүйерлерді қимақ қоштасты.

Естеріңізге сала кетсек, өткен апта сенбі күні Германия кубогы финал ойнында «Бавария» «РБ Лейпциг» клубын 3:0 есебінде жеңіп кубокты иеленген еді.
Франк рибери «Бавария» клубына 2007 жылы келген еді, ал Арьен Роббен 2009 жылда келген болатын.


