Өңірлердегі «103» қызметіне «Volkswagen» маркалы «Жедел жәрдем» автокөліктері тапсырылды
ӨР Денсаулық сақтау министрлігі мен Жызақ автокөлік зауыты арасында жасалған келісім-шартқа сәйкес, өңірлердегі «103» қызметіне отандық А классқа жататын «Volkswagen Caddy» маркалы жедел жәрдем көліктері тапсырылды.
Министрлік дерегінше, көліктер өңірлердегі қажеттілікке сәйкес мынадай тәртіпте табысталған:
— Қарақалпақстан Республикасы — 10,
— Әндіжан облысы — 10,
— Бұхара облысы — 10,
— Жызақ облысы — 9,
— Қашқадария облысы — 10,
— Науаи облысы — 8,
— Наманган облысы — 10,
— Сурхандария облысы — 9,
— Сырдария облысы — 8,
— Ташкент облысы — 8,
— Ферғана облысы — 10,
– Хорезм облысы – 8.