Риштан қыш бұйымдары АҚШ-қа экспортталуда
Ферғана облысының Риштон ауданында орналасқан «Mingboshi Keramik» қолонер кластерінің қыш бұйымдары АҚШ-қа экспортталуда.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, атаулы кластер мен американдық «Diamond (USA) inc» компаниясы 5 млн АҚШ долларын құрайтын экспорттық келісімшартқа қол қойған. Осы келісімге орай күні кеше 80 мың долларлық заманауи керамикалық бұйымдар мұхиттың арғы жағына жөнелтілген.

Бүгінгі таңда қыш бұйымдар кластерінде жасалған бірегей заттар көршілес елдермен қатар Ресеймге де экспортталуда. Сондай-ақ компания өнімдерін Түркия, Италия, Ұлыбритания нарықтарына шығару бойынша ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізілді, делінген хабарламада.
