Рио-де-Жанейро карнавалы коронавирусқа байланысты кейінге қалдырылды
2021 жылдың ақпанына жоспарланған Рио-де-Жанейродағы Самба мектептерінің тәуелсіз лигасының дәстүрлі карнавалдық шерулері тоқтатылды
2021 жылдың ақпанына жоспарланған Рио-де-Жанейродағы Самба мектептерінің тәуелсіз лигасының дәстүрлі карнавалдық шерулері коронавирустық пандемияға байланысты кейінге шегерілді.
Қауымдастық басшысы Хорхе Кастанейро мәлімдеуінше, ғылым саласындағы тұрақсыздық пен осыншама белгісіздік салдарынан ақпанда вакцинаның болары немесе болмайтынын білмей, біз бұл шараны кейінге қалдыру керек деген қорытындыға келдік, - деген.
Оның айтуынша, 2021 жылы өтетін карнавалдың нақты мерзімі туралы айту әлі ерте. Алайда ол кейбір болжамдар бойынша сәуір айынан бастап карнавал үшін қауіпсіз жағдайлар болуы мүмкін екенін де жоққа шығармаған.
Бірақ осыған дейін Бразилия үкіметі коронавирустық пандемияның қауптілік деңгейіне қарамай, 2020 жылдың ақпанында карнавалды өткізген болатын.