Римнің орталығында орналасқан, қаланың көрнекті орындарының бірі саналатын Конти мұнарасы жартылай құлап түсті.
Corriere della Sera басылымының хабарлауынша, мұнара жөндеу жұмыстары барысында болған. Құлаған сәтте ішінде төрт жұмысшы болған. Олардың бірі ауыр халде ауруханаға жеткізілді, тағы екеуі жеңіл жарақат алған. Төртіншісі үйінді астында қалып қойған.
Шамамен екі сағат өткен соң құтқарушылар үйінді астындағы жұмысшыны шығарып алмақ болғанда, тағы да құлау оқиғасы орын алды. Бір өрт сөндіруші жеңіл жарақат алды.
Конти мұнарасының құрылысы IX ғасырда басталған және ол ұзақ уақыт бойы беделді Конти әулетінің отбасылық резиденциясы еді. XIII ғасырда осы әулеттен шыққан Папа Иннокентий III-тің бұйрығымен мұнара толығымен қайта салынған.
XX ғасырда ғимаратта Рим мэриясының бөлімшелері орналасқан. Соңғы жылдары ол пайдаланылмаған және 2026 жылы аяқталуы тиіс қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан.