Рим Папасы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Рим Папасы Франциск дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысу үшін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.
«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, әуежайдан Рим Папасын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алған.
Президенттен бөлек, қадірлі қонақты күтіп алуға ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров, ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, елорда әкімі Алтай Көлгінов, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысы Мұрат Нұртілеу, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева және бірнеше діни қызметкерлер келген.
Қарсы алу рәсімі барысында мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің делегация мүшелерін таныстырған.