Үргенште Малайзияның Халықаралық «Binary» университеті филиалы ашылды
Үргенш қаласында Малайзияның Халықаралық «Binary» университеті филиалы ашылды
Үргенш қаласында Малайзияның Халықаралық «Binary» университеті филиалы ашылды
Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің тиісті шешімне сай, атаулы білім ордасы филиалының негізгі міндеттері мен бағыттарының бірі, кәсіпкерлік және менеджмент, әлеуметтік-экономикалық және жоғары сұранысқа ие экономиканың басқа салаларында жоғары білімі бар білікті кадрларды даярлау болып табылады.
Филиал - үкіметтік емес жоғары оқу орны болып табылады және онда оқу ақылы негізде ағылшын, орыс және өзбек тілдерінде жүзеге асырылады. Мұнда бакалаврлар мен магистрларды күндізгі және сырттай оқу бөлімінде дайындайды.
«Binary» университетіне жылдық қабылдау параметрлерінің кемінде 5 пайызы әлеуметтік қорғауға мұқтаж отбасылардың дарынды, талантты және жоғары жетістікке жеткен балаларының арасынан конкурстық негізде грантқа қабылдайды. Бұдан бөлек филиалдың профессор-оқытушылар құрамының кем дегенде 40 пайызы білікті шетелдік мамандармен толықтырылатыны айтылған.
Бітіруші түлектерге Өзбекстан мен Малайзияда жоғары білім туралы құжат ретінде танылған Университеттің арнайы дипломы беріледі.