Фоторепортаж
«Жастар технопаркі» өз идеяларымен келген дарынды жастарға қолдау көрсетіп, жобаны дайын өнімге айналдыру және нарыққа шығару процесінде көмек береді.
Әл-Хорезми кешенінде 10,2 миллиард сум қаржы есебінен салынған технопарк жылына 800 ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы бойынша жастарды жеті бағытта білім алуға мүмкіндік береді.
[gallery-22025]
«Хай-тек» стилінде салынған бұл ғимарат инновациялық идеяларды жүзеге асырғысы келетін жастар үшін «Идеялар генераторы» қызметін атқарады.
Жастар бұл жерде «Веб-бағдарламалау», «Робототехника», «3D модельдеу», «Графикалық дизайн», «Веб-дизайн», «Мехатроника» және «Стартап жобаларымен жұмыс» бағыттары бойынша білім алады. Сонымен қатар, заманауи компьютер жиынтықтары, 3D принтерлер, «Ардуино» құрылғылары арқылы кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері өз біліктіліктерін арттыру мүмкіндігіне ие болады.
суреттерді түсірген Б.Саидов, ӨзА