Жөндеу жұмыстарына байланысты жабылған Үргеніш халықаралық әуежайы жоспарланған уақыттан ерте ашылады.
Uzbekistan Airports баспасөз қызметінің хабарлауынша, Үргеніш халықаралық әуежайы 5 тамызда қайта жұмысын бастайды.
Ұшу-қону жолағында күрделі жөндеу жұмыстарының басталуына байланысты әуежай 20 шілдеде жұмысын уақытша тоқтатқан еді. Әуежайда жөндеу жұмыстарын 7 тамызға дейін жүргізу жоспарланған болатын.
Құрылыс-жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімнен ерте аяқталуына байланысты атаулы әуежай 5 тамызда Ташкент уақытымен сағат 11:00-де жұмысын жалғастырады.
Екі апталық ауқымды жұмыс аясында, ұзындығы 3000 метр, ені 45 метр ҰҚЖ жабындары ауыстырылып, екінші және үшінші ұшу-қону жолақтары күрделі жөндеуден өткен. Бұл әуежайға кең фюзеляжды Boeing 787 және Airbus A330 ұшақтарын шектеусіз қабылдауға мүмкіндік береді және өз кезегінде Үргенішке рейстер мен жолаушылар ағынын арттырады.