Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Режиссер Хуснора Розматованың картинасы халықаралық фестивальде жеңімпаз атанды
16:51 / 2023-09-12

Хуснора Розматова түсірген «Бақытсыз күйеу» көркем фильмі Ресейдің Қазан қаласында өткен XIX халықаралық мұсылман кинофестивалінің «Гуманизм үшін» номинациясында жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Татарстан Министрлер кабинетінің, Ресей мүфтилер кеңесінің және Мұсылмандардың діни басқармасының жауапты қызметкерлері қатысты.

Кинофестивал аясында мұсылман әлемінің 44 елінен келген кино шеберлері түсірген 700-ден астам фильмге шолу жасалды. Соңында байқау бағдарламасына енген 20 фильм Гран-при үшін бақ сынады.

Режиссер Хуснора Розматованың «Бахтсиз Куйов» (Бақытсыз күйеу) картинасы үздік туындылар қатарынан көрінді. Атаулы туынды «Гуманизм үшін» номинациясында үздік деп табылған.

Келесі XX Халықаралық мұсылман кинофестивалі 2024 жылдың 7-9 қыркүйегінде өтеді.