Режеп Тайып Ердоғанның Самарқандқа сапары аяқталды
Түркі мемлекеттері ұйымының бірінші саммитіне қатысқан Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған сапарын аяқтады.
Мәртебелі мейманды Самарқанд халықаралық әуежайында Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов және басқа да ресми тұлғалар шығарып салды.
Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінің соңында Түркі елдерінің ынтымақтастығы жолында достық пен әріптестіктің нығаюына үлес қосқан жандарды марапаттау рәсімі өтті.
[gallery-9528]
Түркі мемлекеттері арасындағы достық пен серіктестікті нығайтуда Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның еңбегі ерекше екені айтылды және оны түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен марапаттау туралы шешім қабылданды. Атаулы сыйлықты Президент Шавкат Мирзияев табыс етті.