Республиканың 4 аймағында пилоттық халық санағы жүргізіледі
Өзбекстанда 1-25 қараша күндері республиканың 4 облысында пилоттық халық санақ өтеді.
Пилоттық халық санағын Әндіжан облысының Ходжаабад ауданы, Ташкент облысының Жоғары Шыршық ауданы, Хорезм облысының Хиуа қаласында және Ташкент қаласының Яшнабад ауданында өткізу жоспарлануда.
Сынақ ретінде халықты тіркеуден мақсат – халықты санақтан өткізу үшін әзірленген әдістемелік құралдарды, сауалнамаларды, ұйымдастыру жұмыстарын, бағдарламалық қамтамасыз ету мен технологияны тексеру.
Пилоттық санақ барысында анықталған барлық қателіктер мен олқылықтарды жою үшін тиісті шаралар қабылданады. Сондықтан пилоттық санақ негізгі оқиғадан кемінде екі жыл бұрын өткізілетін болады.