Республикалық гидрометеорология орталығы жел күшейетіні жайлы ескертті
Республикалық гидрометеорологиялық қызмет орталығы «Узгидрометтің» мәліметінше, 2022 жылдың 15-16 қаңтарында Өзбекстан аумағына Түркіменстан арқылы Ираннан құрғақ және дымқыл ауа массалары, сондай-ақ Еділ бойынан суық ауа массалары енеді.
15-16 қаңтарда республиканың кей жерлерінде желдің жылдамдығы күшейеді.
Атап айтқанда, Қарақалпақстан Республикасы, Хорезм, Ташкент, Сырдария, Қашқадария облыстарында 17-22 м/с, Бұхара, Науаи, Самарқанд, Жызақ облыстарында 17-22 м/с, кей жерлерде 25-28 м/с дейін артуы мүмкін.
15-18 қаңтарда республикада өткінші жаңбыр жауады, таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, кей жерлерде қатты нөсер төгеді.