Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Республикадағы аптап ыстық апта соңына дейін сақталады – Узгидромет
12:36 / 2021-07-05

Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» мәліметінше, Өзбекстандағы ыстық ауа-райы апта соңына дейін сақталады.

Ираннан құрғақ және ыстық ауа массасы Өзбекстанға енуін жалғастырады. Оның әсерінен жұмыс аптасының басым бөлігінде ауа температурасының жоғарылығы сақталады. Жұма күнінен бастап республика аумағына салқын ауа массалары енуі салдарынан, температура төмендей бастайды.

Ауа температурасы түнде +25 ... + 27 градус, күндіз +41 ... + 43 градус, солтүстік, оңтүстік және шөлді аймақтарда +44 ... + 46 градус болады. Бұл қалыпты жағдайдан +5 .. . + 8 градусқа жоғары.

Аптаның жұма күнінен бастап республика аумағына Еділ бойынан салқын ауа массалары ене бастайды, соның әсерінен температура төмендейді. Жұма күні күндізгі ауа температурасы +37 ... + 40 градусқа дейін төмендейді, тек оңтүстік аймақтарда +42 ... + 44 градусты көрсетеді.

Демалыс күндері Өзбекстанның барлық аймақтарында ауа температурасы төмендейді.

Аптаның басында және соңында Өзбекстанның кейбір тау бөктері мен таулы аймақтарында найзағай болып, жауын жаууы ықтимал. Сейсенбі күні кешке Ташкент облысының жазық жерлерінде аздап жаңбыр жауады деп күтілуде, делінген хабарламада.