Республикада тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу деңгейі 25 пайызға жетті
Өзбекстан аумағында тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу деңгейі 25 пайызға жетті.
Экология және қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, республикада жыл сайын 7,1 миллион тонна тұрмыстық қалдықтардың 0,7 миллион тоннасы қайта өңделіп, қайта өңдеу көрсеткіші 21,9 пайыздан 25 пайызға өсті.
36 қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын рекультивациялау нәтижесінде 223 гектар жер мемлекеттік резервке алынып, 0,7 миллион тонна парниктік газдардың атмосфераға таралуына жол берілмеді.
Тұрмыстық қалдықтарды басқару саласында аумақтарды мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде кәсіпкерлік субъектілеріне қосу туралы 6 келісімге қол қойылып, 14 жобалық тендер өткізілуде. 1-і бойынша тұжырымдама бекітіліп, жарияланды және осы бойынша 24 құжат дайындалуда, делінген хабарламада.