Республикада күніне орта есеппен 45-50 мыңға жуық адам ПТР-тест тапсыруда
Өзбекстанда 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап коронавирустық жағдай нашарлап, аурулар саны өсуде.
Сондықтан республикада вирустың таралуына жол бермеу мақсатында күдіктілерден ПТР-тест талдауларын алу жұмыстары нәтижелі ұйымдастырылуда.
Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің мәліметі бойынша, осы жылдың 5-15 қаңтары аралығында ел аумағында 300 мыңнан астам ПТР тест сынақ процесі жүргізілген.
Ондағы нәтижеге байланысты республикада күніне орта есеппен 45-50 мыңға жуық адам ПТР-тест тапсырада.
Өткен жылдың желтоқсан айының соңғы аптасында Өзбекстанда тәулігіне 15-20 мың осындай талдау жүргізілген болатын.