Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ресейдегі жағдайға қатысты Өзбекстан СІМ мәлімдеме жасады
11:35 / 2024-03-23

Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ресей аумағында болған қайғылы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

«Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мәскеу облысындағы «Крокус Сити» сауда орталығында жасалған лаңкестік актіні қатаң айыптайды. 

Терроризмді ақтауға болмайды және біз бейкүнә азаматтарға қарсы мұндай зорлық-зомбылықтан бірауыздан бас тартуға шақырамыз», делінген хабарламада.

Ведомсто ақпаратында марқұмдардың отбасы мүшелері мен туған-туыстарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтылған.