Ресейде жолаушылар пойызы жүк пойызымен соқтығысып қалды
Ресейдің Мурманск облысында «Мурманск–Санкт-Петербург» бағытындағы жолаушылар пойызы жүк пойызымен соқтығысып қалды.
«Ресей темір жолдары» ААҚ мәліметінше, қайғылы оқиға «Княжная» станциясында болған.

Ішінде 326 жолаушысы бар пойыз жүк пойызымен соқтығысқан. Оқиға салдарынан жарақат алғандар мен қаза тапқандар бар.
Бірнеше вагон рельстен шығып кеткен.

Қазіргі уақытта оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары жіберіліп, төтенше жағдайлар қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.