Ресейде жеке тікұшақ құлап ұшқыш қаза тапты
Ресейде бір адам мінген жеке Robinson R66 маркалы тікұшақ құлады.
ТАСС порталының хабарлауынша, тікұшақ Хакасия Республикасының аумағындағы Таштып ауданы, Қаракөл көлі маңында құлаған. Бортта тек ұшқыш болып, ол апаттан қаза тапқан.
Хабарда тікұшақтың «Кустард» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі екені айтылады. Әуе кемесі Кемерово облысындағы Новокузнецк қаласынан Алтайдағы Қаракөл көлдері аймағына ұшып келіп, радардан жоғалып кеткен. Апаттық шамының сигналы таңертеңгі сағат 9-да тіркелген, делінген хабарламада.