Ресейде тікұшақ құлап бір азамат қайтыс болды
Ресейдің Калининград облысында Ка-32 тікұшағы оқу-жаттығу кезінде құлап бір адам қайтыс болды, тағы екеуі жарақат алған.
Ресейдің Калининград облысында Ка-32 тікұшағы оқу-жаттығу кезінде құлап бір адам қайтыс болды, тағы екеуі жарақат алған.
ТАСС басылымының мәліметінше, Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігіне тиісті Ка-32 тікұшағы Куршск акваториясында оқу-жаттығу рейсін орындау кезінде апатқа ұшыраған. Бортта болған үш адамның екеуі құтқарылып, оның біреуі қайтыс болған.
«Ресейдің ТЖМ-ға тиесілі Ка-32 әуе кемесінің экипажымен жоспарланған оқу-жаттығу рейсі кезінде байланыс үзілді. Содан кейін 112 жүйесі Полесск қаласынан бес шақырым қашықтықтағы Куршск акваторисінде әуе апаты туралы ақпарат алды», - делінген хабарламада.
Авиациялық қызметтегі дереккөздің хабарлауынша, апаттың ықтимал себептеріне орай экипаж қателігі және техникалық ақау қарастырылуда.