Ресейде өткен «Grand Prix» жарысында өзбекстандық шабандоздар топ жарды
Ресейде ат спортының конкур бағыты бойынша өткен Еуразия лигасының «Grand Prix» кезеңінде отандастарымыз жоғары нәтиже көрсетті.
150 см биіктіктегі кедергілерден атпен секіру санатында Ақбар Шарипов өзінің «Afir» атты тұлпарының үстінде керемет өнер көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алды. Ал осы сайыста екінші өзбекстандық шабандоз Бекзод Құрбонов «Matss VG» есімді тұлпарымен қола жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, бұған дейін өткен апта соңында ұйымдастырылған халықаралық турнирде тағы бір отандасымыз Алишер Еркинов алтын, күміс және қола медальдерді жеңіп алған болатын. Сонымен бірге Бекзод Қурбонов дәл сол жарыста да қола медаль еншілеген еді.