English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ресейде тағы бір министр коронавирус жұқтырғаны анықталды
18:03 / 2020-05-06

Соңғы дерекке сай, Ресейде 165 929 адам коронавирус жұқтырғаны анықталған


Ресей Федерациясының Мәдениет министірі Ольга Любимоваға COVID-19 диагнозы қойылған болып, ондағы індеттің жеңіл жағдайы екендігі хабарланды.

Министрліктің баспасөз қызметі хабарлауынша, министрдің коронавирусқа қатысты тапсырған сынағы оң нәтижені көрсеткен. Дегенмен індеттің жеңіл жағдайы болғандықтан министр ауруханаға жатпай үйде, бейнеконференциялы байланыс арқылы кездесулер өткізеді, онлайн-сұхбаттар мен келіссөздерге қатысады», - деген.

Бұған дейін Ресейдің премьер-министрі Михаил Мишустинге коронавирус диагнозы қойылғанын және премьер-министр бұл туралы президент Владимир Путинге жағдайды мәлімдеген болатын. Содан кейін, 2 мамырда Ресей Құрылыс министрлігінің басшысы Владимир Якушев пен оның орынбасары Дмитрий Волковқа да коронавирус инфекциясы диагнозы қойылғандығы хабарланған.

Соңғы дерекке сай, Ресейде 165 929 адам коронавирус жұқтырған. 21327 науқас емделіп, 1537 адам қайтыс болды.