Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ресейде мигранттарды бақылау күшейтілуде
15:48 / 2022-10-03

Ресейдің ішкі істер органдары көші-қон мерзімін ұзартпаған шетел азаматтарының уақытылы елден кетуін бақылауға алды.

Ресейлік «Sputnik» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы жылдың 12 қазаннан бастап шет елдердің азаматтары Ресейден кетуге немесе өздерінің құқықтық жағдайын реттеуге тиіс. 

«Бұл туралы тиісті жарлыққа Ресей президенті Владимир Путин қол қойды», - делінген хабарламада.

Ішкі істер министрлігінің Колуга облысы бойынша департаменті БАҚ өкілдеріне полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыларды ұстаған кезде, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оларды жауапкершілікке тарту шараларын қабылдайтынын мәлімдеген.